Сіз уақытты басқарасыз немесе уақыт сізді басқарады. Міне, бұл ұлы адамның, жеңімпаздың ұстанымы. Әрине, бұл жердегі уақытты басқару ауыспалы мағынасында айтылып тұр, яғни өз уақытыңызды өзіңіз жоспарламасаңыз, өзгелер өз жұмысын бітіру үшін сіздің уақытты қосып жоспарлайды. Менің айтайын дегенімді түсінген шығарсыз. Біз өзімізге өзіміз жетістікке жетуді жоспарламасақ, өмір бізге сәтсіздік пен кедейшілікті жоспарлайды. Өз басыма келсем, нақты жоспарсыз жаңа жылды да, жаңа күнді де бастамаймын. Себебі жоспарсыз жүрген адамды жүгенсіз, иесіз жүрген жылқыдай көбі пайдаланғыш келеді. Екіншіден, қағазға жазылған нақты жоспар жұмыстың бітуін тездетеді. Үшіншіден, өз-өзіңді бағалап, сыйлай бастайсыз. Бір кісілер менің жоспарымның бәрі басымда, қағазға жазып, қадағалап керегі не дейді. Керемет! Десе де, Ақылды бастан қарапайым қағаз артық демекші, қанша жерден гений болсақ та, арасында істеу керек істі ұмытып кететін кездеріміз болады. Сондықтан күніңіздің, айыңызды, жылыңызды жоспарлау жайында біздің орталықтан құрастырылған Табыс күнделігі деп аталатын күнделік бар. Уақытыңызды сапалы қолданып, тез арада жетістік шыңына қолтаңбаңызды қалдырғыңыз келсе, кітаптың артындағы номерлерге хабарласып, Табыс күнделігін алдырыңыз.
Осы әдістерге оралуыңыз үшін, Өзіңіздің парақшаңызға сақтап қойыңыз!
http://amanzhol.com/ http://estkitap.kz/ http://estshow.kz/ #est_corporation #kompany_asar #amanzhol_rysmendiyev #tabys_kupiasy
#Ozindi_oiat #Өзіңді_оят #show #Шымкент #Қазақстан #Қызылорда #Атырау #Тараз #Шу #Алматы